SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған «Астанада қару-жарақпен ұсталған шетелдіктер» туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жөнінде елорда полиция департаменті ресми мәлімдеді.
Тексеруге көпқабатты тұрғын үйдің бір тұрғынының шағымы себеп болған. Ол белгісіз заттардың пәтерге кіргізілгенін айтып, полицияға хабарласқан.
Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізген.
Полицияның мәліметінше, күдік тудырған жәшікте заманауи қару емес, тарихи және мәдени құндылығы бар антикварлық бұйымдар болған.
Сараптама қорытындысы бұл заттардың қазіргі қару санатына жатпайтынын және тұрғындарға еш қауіп төндірмейтінін көрсетті.
Соған қарамастан, аталған дерек бойынша заң аясында тексеріс жүргізіліп жатыр. Полиция тұрғындарды сабыр сақтауға және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.
Бұған дейін депутат Мұрат Әбенов әлеуметтік желіде түнгі уақытта Highvill тұрғын үй кешенінде екі шетелдік қарумен ұсталды деген ақпарат таратқан. Онда мылтықтар мен тапаншалар туралы айтылған еді.
Алайда ресми дерек бұл мәліметті жоққа шығарды.
RUS