Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы апелляцияға шағым түсірді

21.04.2026, 16:09
162
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы апелляцияға шағым түсірді instagram.com/nurgali_zhumagazy

Боксшының командасы дисквалификацияны заңсыз деп санап, оны толық жоюды талап етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты тағайындалған дисквалификациямен келіспей, World Boxing Organization ұйымына ресми апелляция жолдады. Бұл туралы Boxing Social хабарлады.

Спортшының командасы қолданыстағы жазаны қысқартуды немесе толықтай жоюды сұрап отыр. Олардың айтуынша, қабылданған шешіммен келіспеуге толық заңды негіз бар.

WBO президенті Густаво Оливьери апелляция қазіргі уақытта арнайы комиссияда қаралып жатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, құрамына заңгерлер мен лицензияланған мамандар кіретін комиссия түпкілікті шешім шығарады.

«Шешім әртүрлі болуы мүмкін: дисквалификация күшінде қалуы да, өзгертілуі де, толықтай жойылуы да ықтимал», – деді ол.

Әлімханұлының ісі қаралып жатқан кезеңде WBO орта салмақта уақытша чемпиондық белбеуді енгізді. Бұл мүмкіндікті британдық Дензел Бентли пайдаланып, венесуэлалық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Interim чемпионы атанды.

Қазір ұйым Бентлиді кубалық Йоэнлис Эрнандеспен кездестіруді жоспарлап отыр.

Егер апелляция қанағаттандырылып, дисквалификация жеңілдетілсе немесе толық алынса, WBO жедел түрде Жәнібек Әлімханұлы мен Бентли арасында титулдық айқас ұйымдастыруы ықтимал.

Бұл жағдайда Эрнандес міндетті үміткер мәртебесін сақтап қалады.

Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың 6 желтоқсанына жоспарланған үш титул үшін жекпе-жек қарсаңында допинг дауының ортасында қалды.

WBO оның сынамасы оң нәтиже бергенін ресми растады. Кейінгі тыңдаулар барысында да бұл факт дәлелденді.

2026 жылғы 11 наурызда International Boxing Federation қазақстандық боксшыны орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырды.

Соған қарамастан, WBO оны рейтингте чемпион ретінде қалдырды, бірақ бір жылға дисквалификация енгізді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады