Автонесие бағдарламасына қандай өзгерістер енгізіледі

03.05.2023, 12:36
643
Автонесие бағдарламасына қандай өзгерістер енгізіледі smartnews.kz

Көлік алуға берілетіне жеңілдетілген несие бағдарламасына өзгерістер енгізіліп жатыр.

Оның қорытындысы 15 мамырға дейін жарияланады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Jibek joly телеарнасының Мәжілістегі мобильді студиясында берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеңілдетілген автонесиеге қатысты өзгерістер төрт бөліктен тұрады. Бұған дейін БАҚ өкілдері автонесие алған азаматтардың аты-жөні неге жарияланбайтынын сұраған еді. Осы орайда, алғашқы өзгеріс – енді сайтта автонесие алған азаматтардың аты-жөні жарияланады. Әрине, клиенттің рұқсаты арқылы. Екінші өзгеріс, қымбат көлік сатып алуға шамасы жететін автонесие алушыларға қатысты. Мысалы, 10 млн теңге несие беріледі, бірақ клиент 15 млн теңгенің көлігін алғысы келеді, демек қалған 5 млн-ды өз қалтасынан төлейді. Осы шартты өзгерткіміз келіп отыр. Қымбат көліктердің орнына сұранысқа ие, халықтың қалтасы көтере алатын автомобиль маркаларын қатыстыру», - деді Марат Қарабаев сұхбат барысында.

Министрдің айтуынша, келесі өзгеріс жалақыға қатысты.

«Белгілі бір мөлшерден артық жалақы алатын азаматтарға автонесие бермеу. Оның орнына жеңілдетілген несиені айлығы шектен аспайтын клиенттерге беруді жөн деп отырмыз. Бұл шара халық үшін тиімді ету мақсатында қолға алынып отыр. Енді шекті жалақы көлеміне келсек, біз операторға талдау жүргізуді тапсырдық. Айтар болсақ, қазақстандықтар негізінен қандай көліктерді жиі алады? Ол көліктердің бағасы қанша және оны сатып алған азаматтардың жалақысы қандай? Талдау жүріп жатыр, сондықтан дәл қазір есеп дайын емес. Бірақ, талдаудың нәтижесі 15 мамырға дейін жарияланады», - дейді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы бүгінде қорға 4 млрд теңге жиналғанын, сома 5 млрд теңгеге жеткенде автонесие бағдарламасы қайта іске қосылатыны туралы айтты.

«Несиеге өтінім беруді онлайн еткен себебіміз – адамдар екінші деңгейлі банктерге барып кезекке тұрды. Содан соң халық арасында сол кезектің қаншалықты әділ өтіп жатқанына күмән туды. Күмәнді жою үшін біз онлайн жүйеге көшірдік, ол жерде адам факторы мүлдем жоқ», - деп толықтырды М. Қарабаев.

Одан бөлек, министр халық сұранысына қарай алдағы уақытта автонесие бағдарламасына тағы да өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін тілге тиек етті.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді