SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Алатау ауданындағы Фариза Оңғарсынова көшесі бойында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, көшенің Ақбереннен Қожабековке дейінгі аралығында асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысына екі аптаға шектеу енгізіледі.
Жұмыстар 21 сәуір күні сағат 22:00-де басталып, 2 мамырға дейін жалғасады. Қала билігі тұрғындар мен жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарды ескеруді ұсынды.
Аталған жөндеу «Батыс кәріз коллекторының құрылысы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы ұзындығы Жандосов көшесінен қалалық тазарту нысандарына дейін 35 шақырымды қамтиды. Жоба толық аяқталған соң, шамамен 200 мыңға жуық тұрғын орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады.
RUS