Иран құрамасы әлем чемпионатынан бас тартуы мүмкін

22.04.2026, 11:59
524
Иран құрамасы әлем чемпионатынан бас тартуы мүмкін Jacquelyn Martin / AP

Иран бұған дейін матчтарды АҚШ-тан Мексикаға көшіруді ұсынған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран құрамасының 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты турниріне қатысуы әлі де белгісіз. Елдің спорт министрі Ахмад Доньямали қауіпсіздік мәселелеріне байланысты соңғы шешім қабылданбағанын мәлімдеді.

2026 жылғы мундиаль тарихта алғаш рет 48 команда қатысатын кеңейтілген форматта өтеді және бірден үш елде — АҚШ, Мексика және Канада аумағында ұйымдастырылады. Жарыс 11 маусым мен 19 шілде аралығына жоспарланған.

Министрдің айтуынша, Иран құрамасының турнирге бармауы да ықтимал сценарий ретінде қарастырылып отыр. Дегенмен команда кез келген шешімге дайын болуы тиіс. Қорытынды шешім елдегі қазіргі ахуалға байланысты қабылданады және ол үкімет пен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңес деңгейінде талқылануы мүмкін. Негізгі талап — спортшылардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету.

Бұған дейін Иран тарапы ФИФА-мен келіссөз жүргізіп, АҚШ-та өтуі тиіс матчтарды Мексикаға ауыстыру мүмкіндігін қарастырған.

Аймақтағы шиеленіс бұл мәселені одан әрі күрделендіріп отыр. Ақпан айының соңында АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға соққы жасаған. Иран тарабының дерегінше, салдарынан мыңдаған адам қаза тапқан. Кейін уақытша бітім жарияланғанымен, Исламабад қаласында өткен келіссөздер нақты нәтиже бермеген. Қазіргі таңда ашық қақтығыс туралы мәлімет жоқ, алайда АҚШ тарапынан порттарға шектеу қойылғаны хабарланып отыр, ал делдалдар жаңа келіссөз кезеңін ұйымдастыруға тырысуда.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады