Тойда 4 миллион теңгелік сыйлық үшін депутатқа сөгіс жарияланды

Азиз Қалижан Редактор
22.04.2026, 12:52
122
Тойда 4 миллион теңгелік сыйлық үшін депутатқа сөгіс жарияланды бейнежазбадан

Депутат қаржының достар атынан берілген ортақ сыйлық екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде өткен тойдағы 4 миллион теңгелік сыйлық қоғамда қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желіде тараған видеода беташар кезінде себетке қомақты қаржы салынғаны көрінеді. Көп ұзамай желі қолданушылары видеодағы адамның Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Аслан Қайырғалиев екенін анықтаған.

Қоғамдық сын күшейген соң, депутат жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл — жақын досының тойы, ал берілген ақша жеке емес, достарының ортақ сыйлығы болған. Сонымен қатар, қаржыны жария түрде санау сәті сырт көзге орынсыз көрінуі мүмкін екенін мойындап, мұндай әрекетпен мақтануды немесе назар аудартуды көздемегенін айтты.

Алайда бұл түсініктеме сын толқынын баса алмады. Ақтөбе қалалық мәслихатында депутаттың әрекеті қолдау таппай, 20 сәуірде депутаттық әдеп жөніндегі комиссия мәселені қарап, оған сөгіс жариялау туралы шешім қабылдады.

27 жастағы Аслан Қайырғалиев кәсіпкерлікпен айналысады. 2022 жылдан бері «Анвар» сауда желісі директорының орынбасары қызметін атқарады. 2025 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе қалалық мәслихатының сегізінші шақырылым депутаты ретінде сайланған. Оның әкесі — Ұил ауданын басқаратын Асқар Қайырғалиев.

Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі бұл әрекетті орынсыз деп бағалады. Көпшілік мұндай қадамды «көрсеқызарлық» және «артық көрсетілім» деп атап, әсіресе әлеуметтік теңсіздік күшейген кезеңде мұндай демонстрация қоғамға кері әсер ететінін алға тартты.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды