Әйел Instagram-дағы отбасыны қаралайтын жазбасы үшін сот алдынан бір-ақ шықты

22.04.2026, 15:20
205
Әйел Instagram-дағы отбасыны қаралайтын жазбасы үшін сот алдынан бір-ақ шықты shutterstock.com

Әйел желіде отбасыны әбден қорлаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алтай қаласында әлеуметтік желідегі жазба үшін қозғалған іс сотта қаралды. Instagram-да жарияланған постқа байланысты бір отбасының арызынан кейін басталған даулы жағдай медиациямен аяқталды.

Сот материалдарына сәйкес, азаматша А. сотқа жүгініп, азаматша Н.-ны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған. Оның айтуынша, Instagram желісінде жарияланған жазбада оның отбасына қатысты қорлайтын сөздер айтылып, абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келген.

Алайда кейін жәбірленуші тарап өз шағымынан бас тартып, тараптар татуласқаны туралы өтініш берген. Іс бойынша медиациялық келісім жасалып, онда азаматша Н. жәбірленушіге 100 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге және Instagram парақшасында отбасыдан кешірім сұрайтын жазба жариялауға міндеттелген. Сонымен қатар бұл жазбаны бір ай бойы өшірмеу шарты қойылған.

Сот тараптардың келісімін негізге ала отырып, қылмыстық істі тоқтатты. Нәтижесінде азаматша Н. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды