Найзағай, бұршақ және қатты жел: елде ауа райы күрт өзгереді

23.04.2026, 09:05
166
Найзағай, бұршақ және қатты жел: елде ауа райы күрт өзгереді pexels.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде 23 сәуірге арналған дауылды ескертулер жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында ауа райы күрт құбылып, жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

Ақмола облысында түнде және күндіз жаңбыр мен найзағай болжанады. Кей жерлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда да түнгі уақытта найзағай болуы ықтимал.

Жетісу өңірінде күндіз жауын-шашын күшейіп, таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Алакөл маңында желдің жылдамдығы 20 м/с-қа жетуі мүмкін. Сонымен қатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Маңғыстау облысының оңтүстігі мен шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Қостанай облысында күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел күшейіп, кей аймақтарда 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы төмендеп, кей жерлерде үсік болуы мүмкін.

Алматы облысында ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр, найзағай, кей уақытта бұршақ пен дауыл болжанып отыр. Таулы аймақтарда тұман түсіп, жел екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Алматы және Қонаев қалаларында да жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Түркістан облысында, әсіресе таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жауын-шашын болады. Найзағай мен дауыл да болжанып отыр. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өңірдің кей бөліктерінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Атырау облысында жаңбыр мен найзағай күтілсе, Павлодар өңірінде жауын-шашынмен қатар бұршақ пен қатты жел болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы кей уақытта 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысында жел күшейіп, шығыс бөлігінде түнде үсік болуы мүмкін. Қарағанды облысында да жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанып, жел екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады