АҚШ азаматтарына Ираннан шұғыл кету туралы ескерту жасады

Аиса Махамбет Редактор
23.04.2026, 09:26
243
АҚШ азаматтарына Ираннан шұғыл кету туралы ескерту жасады BSS/AFP

АҚШ азаматтарына елден тез шығу үшін барлық қолжетімді рейстерді қарастырмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ азаматтарына Ираннан шұғыл кету жөнінде үндеу жасалды. Бұл — жай сақтық шарасы емес, жағдайдың күрделене түскенінің айқын сигналы.

АҚШ Мемлекеттік департаменті америкалықтарға Иран аумағынан мүмкіндігінше тезірек шығуды ұсынды. Мұндай кеңес елдің әуе кеңістігі ішінара ашылып, шектеулі көлемде халықаралық рейстер қайта іске қосылған тұста жарияланды.

Тиісті хабарлама АҚШ-тың Тегерандағы виртуалды елшілігі арқылы таратылды. Онда 21 сәуірден бастап Иран аспанында әуе қозғалысы біртіндеп жанданып келе жатқаны, бірақ қауіпсіздік жағдайы әлі де тұрақсыз екені атап өтілген.

Ресми Вашингтон өз азаматтарына қолжетімді рейстерді дереу қарастырып, әуе компанияларымен тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ жергілікті ақпарат құралдарындағы өзгерістерді үздіксіз бақылап отыруға кеңес берді. Бұдан бөлек, елден құрлық арқылы шығудың балама бағыттары да көрсетілді: Армения, Әзербайжан, Түркия және Түрікменстан арқылы өтуге болады.

Сонымен қатар АҚШ тарапы Ауғанстан, Ирак және Пәкістанмен шекаралас өңірлерге бармауға қатаң ескерту жасады. Бұл аймақтарда қауіп деңгейі жоғары деп бағалануда.

Осы мәлімдеме алдында Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Амир-Саид Иравани Вашингтонға өткір сын айтып, келіссөздердің жаңа кезеңі тек АҚШ санкциялары тоқтатылған жағдайда ғана мүмкін болатынын жеткізген еді. Ол сондай-ақ АҚШ-ты «атысты тоқтату режимін бұзды» деп айыптады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады