СҚО-да кәріз құдығында екі жұмысшы газдан уланып қаза тапты

Аиса Махамбет Редактор
23.04.2026, 10:29
162
СҚО-да кәріз құдығында екі жұмысшы газдан уланып қаза тапты ЕРА

Екі азамат та оқиға орнында дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында кәріз құдығында болған қайғылы оқиға екі адамның өмірін қиды. Жұмыс барысында улы газдарға тұншығып, екі жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, апатқа кәріз жүйесінде жиналған қауіпті газдар — күкіртсутек пен метан себеп болған. Қайғылы жағдай 22 сәуір күні шамамен сағат 15:00-де Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылында, «Айыртау-коммун-сервис» ЖШС-не қарасты нысанда тіркелген.

Жөндеу жұмыстары кезінде кәріз сорғы станциясында электрик пен слесарь көз жұмған. 1978 және 1976 жылы туған жұмысшылар дәрігерлер жеткенше жан тапсырған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, мердігер ұйымның екі қызметкері еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау кезінде көз жұмған. Аталған дерек бойынша еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді