ШҚО-дағы сарбаз өлімі: командирлер сот алдында жауап бермек

23.04.2026, 12:08
134
ШҚО-дағы сарбаз өлімі: командирлер сот алдында жауап бермек Shutterstock

Командирлерге психологиялық қысым көрсету және қызметтік салғырттық айыптары тағылған.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында әскери қызметкердің қаза табуына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасы хабарлады.

Тергеу мәліметінше, Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде 23 қаңтар күні қаза тапқан сарбаз ісі бойынша батальон және взвод командирлеріне қатысты тергеу аяқталған.

Прокуратура дерегіне сәйкес, лауазымды тұлғалар әскери жарғыға қайшы әрекеттерге жол беріп, марқұм сарбазға және оның алты әріптесіне жүйелі түрде психологиялық қысым көрсеткен. Сонымен қатар взвод командирі қару сақтау тәртібін бақылаудан шет қалған.

Тергеу барысында жеткілікті дәлелдер жиналып, барлық қатысы бар тұлғалар анықталған. Қылмыстық іс билікті асыра пайдалану және қызметке салғырт қарау баптары бойынша сотқа жолданды.

Оқиғадан кейін бірқатар кадрлық шешімдер қабылданған: әскери бөлім командирі мен оның екі орынбасары қызметтен босатылып, тоғыз лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Ведомство мұндай істерді тергеу әдістемесі жетілдірілгенін, соның ішінде оқиға орнын қарау, дәлелдерді тіркеу және сараптама жүргізу тетіктері күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ әскери тергеу органдары мен сараптама орталықтары арасында жедел әрекет ету үшін арнайы меморандум жасалған.

Еске салсақ, 23 қаңтар күні аталған әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбаз қарауыл кезінде оқ жарақатынан көз жұмған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Жамбыл облыстық соты Бектеновтің қатысуынсыз істі қарап жатыр: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 миллион теңгені өзінде қалдыруды талап етуде Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр