Қазақстандық киберспортшы Неймармен кездесті

23.04.2026, 13:32
844
Қазақстандық киберспортшы Неймармен кездесті molodoy

Қазақ ойыншысы әлемдік футбол жұлдызымен жақын араласып жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, киберспортшы Данил Голубенко, molodoy лақап атымен танымал, әлемдік футбол жұлдызы Неймар-мен бірге түскен суретін жариялады. Бұл — жай кездейсоқ кадр емес, бірнеше айға созылған таныстықтың логикалық жалғасы.

Қазақстандық ойыншы 2025 жылы Бразилияның FURIA Esports құрамында турнир жеңіп алған кезде, Неймар оны әлеуметтік желіде құттықтаған еді. Сол сәттен бастап олардың байланысы үзілмеген.

2026 жылдың сәуірінде бразилиялық футболшы Голубенконың жазбасын сторисіне қайта жариялап, «Бұл Molodoy ғой, солай ма?» деп пікір қалдырған. Ал суретте қазақстандық ойыншы Бразилия құрамасының формасын киіп, арқасына Неймардың есімін жаздырған.

Кейін олардың қарым-қатынасы әлеуметтік желіден тыс жалғасқаны белгілі болды. Жуырда Неймар Голубенконы өзі ойнаған Сантос клубының матчына арнайы шақырған. Ойыннан кейін екеуі бірге суретке түскен. Кадрдың артқы фонында Лионель Месси-дің жейдесі көзге түскені де назар аудартты.

Айта кетейік, Неймар тек футболшы ғана емес, FURIA Esports жобасының белсенді қолдаушысы әрі медиа-командасының президенті. Ол киберспортқа инвестиция салып, жобаның дамуына тікелей қатысып келеді.

Бұған дейін Данил Голубенко беделді HLTV Awards марапатында «Жыл жаңалығы» аталымын жеңіп алған болатын.

Жамбыл облыстық соты Бектеновтің қатысуынсыз істі қарап жатыр: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 миллион теңгені өзінде қалдыруды талап етуде Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр