Астанада Бас прокуратура қызметкері мас күйде көлік айдағаны үшін жазаланды

Азиз Қалижан Редактор
23.04.2026, 15:25
195
Астанада Бас прокуратура қызметкері мас күйде көлік айдағаны үшін жазаланды stock

Күдікті сотта көлікті өзі жүргізбегенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Бас прокуратура қызметкері мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды. Сот оны кінәлі деп танып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға 29 наурызға қараған түні болған. Бас прокуратура қызметкері Әсет Жүкенов жұбайының атына тіркелген Chery Tiggo автокөлігін басқарған.

Сотта Жүкенов айыбын мойындамады. Ол ішімдік ішкенін растағанымен, көлікті өзі жүргізбегенін алға тартты. Оның сөзінше, серуеннен кейін тоңып, тек рөлде отырған, ал көлікті басқа адам айдаған.

Алайда полиция ұсынған бейнежазбада көліктің қозғалыста болғаны және рөлде дәл Жүкенов отырғаны анық көрінеді. Бұл ұстанымды сотта Астана прокуратурасының өкілі де қолдады.

Нәтижесінде сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша кінәлі деп танып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Әкімшілік қамау жазасы қолданылмады. Заңға сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер әкімшілік қамауға алынбайды.

Сот шешімі апелляциялық сатыдан өтіп, заңды күшіне енді.

Сонымен қатар Жүкеновке қатысты тәртіптік жауапкершілік мәселесі әзірге ашық күйінде қалып отыр. Бас прокуратура мәліметінше, тиісті материалдар қаралған, алайда қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздықта болуына байланысты қандай да бір шара қолдану әзірге мүмкін емес.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр