Таразда жастар 4 тоннаға жуық қоқыс жинады
Таразда «Жасыл ел» еңбек жасағындағы жастар «Жеңіс» және Т. Рысқұлов атындағы саябақты, «Қарасу» каналының бойын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Нәтижесінде аталған аумақтардан 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Тараз қаласы әкімдігі медиа орталығының мәліметінше, «Жасыл ел» еңбек жасағында биыл наурыз-қазан айларында 350 жас жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Ал былтыр мұнда 440 жас еңбек еткен.
Айта кетейік, жастарды бос уақытында еңбекке баулу мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағын жасақтауға жергілікті бюджет есебінен 27 миллион теңге қаржы қарастырылған болатын.