1 қыркүйектен кейін әкелінген көліктерді де тіркеп, жастарға 50% жеңілдік жасау керек - депутат

03.05.2023, 15:37
543
1 қыркүйектен кейін әкелінген көліктерді де тіркеп, жастарға 50% жеңілдік жасау керек - депутат smartnews.kz

Jibek Joly телеарнасының Мәжілістегі студиясында қонақта болған депутат Наурыз Сайлаубай палатаның жалпы отырысында қандай мәселе туралы депутаттық сауал жолдағанын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«1 қыркүйектен кейін елге кіргізілген көліктер шетте қалып қойды. Қазір Қазақстанда Грузия, Армения, Ресей және Қырғызстаннан кірген 80 мыңға жуық көлік бар. Оған тосқауыл қоймасақ, ол әлі де кіре береді. Біздің бірінші ұсынысымыз – осы шекаралас елдерден кіріп жатқан көліктерге қатаң бақылау қою. Қосалқы бөлшектермен кіргізілген, яғни «конструктор» көліктерді кеденнен өткізу кезінде тіркеу керек. Қазір мұның барлығы толық автокөлік болып кіріп жатыр. Енді ол кірген сайын, көбейе береді. Бұл автобелсенділер наразылығының екінші толқын әкеліп соғуы мүмкін», - деді Наурыз Сайлаубай.

Сұхбат барысында ол мәселені шешудің тағы бір жолын ұсынды. Атап айтқанда, депутат 1 қыркүйектен кейін елге әкелінген 80 мың көлікті заңдастыру қажет екенін мәлім етті.

«Екінші ұсыныс – осы кіріп қойған 80 мың автокөлікті заңдастыруға тағы да уақыт беру. Біз қазір депутаттық сауалды жолдап жатырмыз. Ол белгілі бір уақыттан кейін келеді. Сосын оны автоблогерлермен талқылаймыз. Кейін халыққа қайта жариялаймыз. Тағы бір мәселе – бұл көліктерді қарапайым халық алып жатыр. Арзан, сапасы жақсы. Енді бұл жерде 200-250 мың теңге таба алмай отырған адамдар да бар. Сондықтан, көліктерді тіркеу үшін көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік осал топтарға және 35 жасқа дейінге жастарға 50% жеңілдік берсе екен дейміз. Мысалы, аудан, ауылдарға барсаңыз, тұрғындар 30 жыл болған көліктермен жүр», - деп тоқталды депутат.

Наурыз Сайлаубайдың айтуынша, 80 мың көлік – ресми дерек. Ол бейресми ақпарат бойынша елге кіргізіліп жатқан автокөліктер одан да көп болуы мүмкін екенін атап өтті.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды