SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы Диана тұрмысқа шықты. Ол қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, ақ көйлек киген фотоларын жариялады.
Диананың таңдауы Қазақстан регби құрамасының капитаны, танымал спортшы Мұхаммед Расулға түскен. Желі қолданушылары жас жұбайлардың үйлесімді көрінетінін атап, олардың бір-біріне ұқсастығын да жиі тілге тиек етті.
Кейбір пікір қалдырушылар күйеу жігіттің сырт келбеті мен ұлтына қатысты сұрақ көтерсе, енді бірі оны шетелдік жұлдыздарға ұқсатқан.
Жазбаның астында құттықтау пікірлер көптеп жазылды. Қолданушылар жас отбасыға бақыт, махаббат және ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар, марқұм Мұрат Бисембинді еске алып, оның қызының қуанышын көрсе, риза болар еді деген пікірлер де айтылды.
Дегенмен, кейбір желі қолданушылары әкесінің қазасынан кейін тым аз уақыт өткенін алға тартып, сын пікір білдірген. Соған қарамастан, көпшілік Диананы қолдап, әр адамның бақытты болуға құқығы бар екенін жеткізді.
RUS