Алматыда жарнама үшін жалған видео түсіргендер жауапқа тартылды

Азиз Қалижан Редактор
24.04.2026, 12:45
576
Алматыда жарнама үшін жалған видео түсіргендер жауапқа тартылды бейнежазбадан

Видеода ер адам төрт әйелмен бірге сауда орталығында жүргені көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда сауда орталығында түсірілген қойылымдық видео үшін ер адам мен төрт әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін назарға іліккен.

Желіде тараған видеода ер адам беттері жабық төрт әйелмен бірге сауда орталығында жүріп, қымыз жарнамалағаны көрсетілген. Бұл жазба Threads әлеуметтік желісінде жарияланып, қоғамда түрлі пікір тудырды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мониторинг барысында қоғамдық орында бет-әлпеті толық жабылған адамдардың қатысуымен түсірілген видео анықталған.

Тексеру нәтижесінде бұл роликтің қойылымдық сипатта екені, яғни коммерциялық түсірілім аясында жасалғаны белгілі болды. Дегенмен, кейбір қатысушылардың әрекетінде қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты заң талаптарын бұзу белгілері анықталған.

Полиция барлық қатысушыларға әкімшілік шара қолданып, ескерту бергенін хабарлады. Сонымен қатар олармен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілген.

Құзырлы орган қоғамдық орындарда болу мақсатына қарамастан, заң талаптарын сақтау баршаға бірдей міндет екенін еске салды.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті