Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шаханов деп ауыстыруы мүмкін

24.04.2026, 13:33
585
Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шаханов деп ауыстыруы мүмкін instagram.com/aigerim.abzhan

Петицияда ұсыныс ономастикалық комиссия қарауына жіберу талап етілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың есіміне ауыстыру туралы петиция жарияланды. Бұл бастама ақынның қайтыс болуынан кейін қоғамда кең талқыланып жатыр.

Ұсыныс Gosrating.com платформасында жарияланған. Авторлар мәселені Алматы қаласының ономастикалық комиссиясының қарауына шығарып, кейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға ұсынуды сұрайды.

Петицияда Мұхтар Шаханов Қазақстанның қазіргі тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі ретінде сипатталған. Оның әдебиеттегі еңбегі, қазақ тілін қорғаудағы ұстанымы, ұлттық тәуелсіздік мәселелеріндегі белсенділігі және Желтоқсан оқиғаларына қатысты қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі ерекше аталады.

Құжатта Шахановтың «үнсіздік келісімін бұзып», Алматыдағы оқиғаларға байланысты арнайы мемлекеттік комиссия құруды талап еткен тұлға болғаны да атап өтілген.

Авторлар дәл осы Розыбакиев көшесін таңдауды да негіздеп көрсеткен. Бұл Алматыдағы ұзындығы шамамен 7 шақырым болатын ірі көлік артерияларының бірі, Бостандық және Алмалы аудандары арқылы өтіп, маңызды білім және қоғамдық нысандарға жақын орналасқан.

Сонымен бірге бастама иелері Абдулла Розыбакиевтің есіміне құрметпен қарайтынын атап өткен. Ол саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде 1957 жылы ақталған тұлға. Петицияда оның есімін ұсақтау нысандарға беру, ескерткіш тақта орнату немесе Даңқ аллеясындағы бюстін сақтау сияқты балама нұсқалар ұсынылады.

«Мұхтар Шахановтың есімін Алматы картасында қалдыру — ол өмірінің елеулі бөлігін өткізген, еңбек еткен және мемлекеттік құрметпен жерленген қала үшін тарихи әділдік болады», — делінген петиция мәтінінде.

Мұхтар Шаханов 2026 жылдың 19 сәуірінде 83 жасында дүниеден өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі оның қазасына байланысты көңіл айтып, Шахановты қазақ әдебиеті мен қоғам өміріндегі ірі тұлға ретінде бағалады.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр