Ірі сауда орталықтары мен базарлардың қызметі цифрландыру арқылы бақылауға алынады

03.05.2023, 17:33
604
Ірі сауда орталықтары мен базарлардың қызметі цифрландыру арқылы бақылауға алынады smartnews.kz

Еліміздегі ірі сауда орталықтары мен базарлардың қызметін цифрландыру арқылы бақылауға алынады.

Ол үшін арнайы ақпараттық жүйе құрылмақ. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Біздің министрлік сауда саласындағы заңнамалық реформалар бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Сауда нарығы мен ірі сауда объектілеріне арналған нақты ережелер белгіленді. Сонымен қатар алғаш рет отандық тауар өндірушілерді импорттық өнімнің демпингінен қорғау тетігі енгізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын белгілеуде сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың сақталуы мен мемлекеттік бақылаудың бірыңғай тетігін жүргізудің нақты алгоритмі әзірленді. Одан бөлек, ірі сауда объектілері мен базарлар (2000 шаршы метрден асатын) қызметін цифрландыру арқылы ақпараттық жүйе құру қарастырылуда», - деді Арман Шаққалиев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған өзгерістер сауда нарығы қызметінің ашықтығын қамтуға және шағын бизнесті базар иелері тарапынан негізсіз көрсетілетін қысымнан қорғауға бағытталған.

«Сауда саласын реттейтін 52 акті қайта қаралды. Оның барысында белгіленген базалық сауда шарттарына сәйкес келмейтін 543 талап анықталды. Бұл жалпы реттеуші актінің 31% құрады. Сондай-ақ, барлық нормативтік актілер кәсіпкерлік кодекстің жаңа талаптарына сәйкес келтірілді», - дейді ол.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды