Мыңға жуық алматылық Аюсайды тазалады: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 450 м³ қалдық шығарылды

25.04.2026, 14:25
722
Мыңға жуық алматылық Аюсайды тазалады: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 450 м³ қалдық шығарылды Фото: Алматы әкімдігі

«Таза Қазақстан»: Алматыдағы Аюсай шатқалында сенбілік өтті

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара өткен негізгі орындардың бірі – көркем табиғатымен танымал Аюсай шатқалы болды.

Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің өкілдері, экологиялық және қоғамдық ұйымдар, бизнес қауымдастық, жастар мен еріктілер қатысты. Жалпы алғанда, мыңға жуық адам жұмылдырылды.

Аюсай визит орталығы – «Іле-Алатау» ұлттық саябағының аумағындағы заманауи туристік және экологиялық кешен. Мұнда келушілер легі жыл бойы тоқтамайды, сондықтан шатқалдың тазалығын сақтау ерекше маңызды.

«Біз бірлесе отырып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, адамдар үшін қолайлы кеңістік қалыптастырудамыз, бұл біздің күнделікті міндетіміз. Бүгін сенбілікке ұжымымыздан 100 адам қатысып, алты техника жұмылдырылды. Біз тек өзіміз қатысып қана қоймай, қала тұрғындарын табиғатты аялауға шақырамыз. Соңғы уақытта адамдардың экологиялық жауапкершілігі артып, табиғатқа деген жанашырлық көзқарас қалыптасып келе жатқанын байқаймыз. Бұл осындай игі бастамалардың нәтижесі», — деді «Алматы Тазалық» МКК басшысының орынбасары Ербол Байжанов

Қатысушылар ұзындығы 2,5 шақырым аумақты — Аюсай визит-орталығынан шлагбаумға дейінгі аралықты, өзен жағалауын, жол жиегін және тау беткейлерін тазартты. Тұрмыстық қалдықтар мен сынған бұтақтар жиналып, нәтижесінде 450 текше метр қоқыс шығарылды.

«Біз де сенбілікке қатысып, жас ұрпаққа үлгі көрсетуді жөн көрдік. Қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасау — әрбір азаматтың парызы. Бұл іс-шара аумақты тазарту ғана емес, қоғамды біріктіруге және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам. Табиғатқа деген сүйіспеншілік әрқайсымыздан басталады», — деді Алматы тұрғыны, зейнеткер, Бостандық ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі Гүлсара Қабиланова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Аюсай шатқалы секілді табиғи аумақтарды тазарту — бір реттік науқан емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың құрамдас бөлігі.

Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді