557 миллиондық айналым: Шымкентте онлайн-казино желісі жойылды

27.04.2026, 10:29
454
557 миллиондық айналым: Шымкентте онлайн-казино желісі жойылды vecteezy.com

Қаржы ағындарын жасыру үшін дропперлердің, соның ішінде шетел азаматтарының есепшоттары пайдаланылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте ірі көлемдегі заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, көлеңкелі бизнестің жалпы айналымы небәрі бірнеше айда 557 миллион теңгеден асып кеткен.

Тергеу дерегіне сәйкес, қала тұрғыны «Vendetta» және «AMG600L» атауларымен жұмыс істеген ойын клубтарының желісін құрған. Олар покерге арналған мобильді қосымша арқылы қызмет көрсетіп, «Nomad» деп аталатын бірыңғай жүйеге біріктірілген. Бұл платформаға Қазақстанмен қатар Өзбекстан мен Қырғызстан ойыншылары да қол жеткізген.

Заңсыз жүйе нақты ойластырылған схема бойынша жұмыс істеген. Ойыншыларды тәулік бойы қолжетімділік, мессенджер арқылы таралатын жарнама және түрлі бонустар арқылы тартқан. Қатысушылар «фишкалар» үшін ақшаны банк карталарына аударып отырған, ал ұтыстар жалған тұлғалардың есепшоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Ұйымдастырушылар әр ойын үстелінен 3–5 пайыз көлемінде комиссия алып отырған. Ақшасы таусылған ойыншыларға виртуалды қарыз беріліп, олар жүйеде ұсталып отырған.

Қаржы ағындарын жасыру үшін дропперлердің, оның ішінде шетел азаматтарының есепшоттары пайдаланылған. Әр карта үшін 100–200 мың теңге аралығында ақы төленген. Агенттік мәліметінше, осы шоттар арқылы жүздеген миллион теңге өткізілген.

Тінту барысында күдіктінің тұрғылықты жерінен заңсыз ойын бизнесіне қатысты дәлелдермен қатар есірткі заттары да табылған.

Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Тергеу барысында кейбір ойыншылардың ірі шығынға ұшырағаны анықталды — жекелеген азаматтар небәрі бірнеше ай ішінде 30 миллион теңгеге дейін ұтылып қалған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады