Басы дауға қалған Серік Сәпиевтің орнына Қарағанды спортына жаңа басшы келді

27.04.2026, 10:50
1052
Басы дауға қалған Серік Сәпиевтің орнына Қарағанды спортына жаңа басшы келді @Turizm_jane_sport_ministrligi

Министрлік комиссиясы Қарағанды облыстық спорт басқармасына жаңа басшыны ресми түрде мақұлдады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы келісілді. Бұған дейінгі жанжалдан кейін бос қалған лауазымға тәжірибелі маман ұсынылып, министрлік деңгейінде мақұлданды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, өңірлік спорт басқармаларының жетекшілерін тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қарағанды облысына кандидатура қаралған. Нәтижесінде Алматы облыстық Олимпиадалық резерв даярлау орталығының жетекшісі Нұркен Нұратовтың кандидатурасы қолдау тапты.

Ведомство өкілдері жаңа үміткердің спорт саласындағы тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті. Комиссия оның кәсіби жолын, басқарушылық қабілетін және өңірдегі спортты дамытуға қатысты көзқарасын жан-жақты талдап, оң шешім қабылдаған.

Еске салсақ, бұл қызмет бұған дейін белгілі боксшы, олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке тиесілі болған. Алайда биыл қаңтарда оның орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалы қоғамға жария болды. Әлеуметтік желіде тараған видеода екі шенеуніктің арасындағы төбелес көрінісі қызу талқыға түскен еді.

Оқиғадан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде екі тарап та лауазымынан босатылды. Кейін Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды