Сіздерге қарапайым халық футбол ойнай алатын шағын алаңдар көбірек керек - FIFA президенті

03.05.2023, 18:15
661
Сіздерге қарапайым халық футбол ойнай алатын шағын алаңдар көбірек керек - FIFA президенті sportbusiness.com

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантино БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында Қазақстандағы футбол инфрақұрылымы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақстан футболындағы негізгі мәселенің бірі – ойын алаңдарының инфрақұрылымы. Қазақстан футбол федерациясы басшылығымен осы мәселені талқыладыңыздар ма? Өз тарапыңыздан қандай ұсыным-кеңестер айттыңыз?» - деп сұрады БАҚ өкілі.

Джанни Инфантиноның айтуынша, инфрақұрылым мәселесі бүкіл әлемде өзекті.

«Неғұрлым көбірек алаң салу керектігін айттым. Шынымен де солай. Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де инфрақұрылым деген өте маңызды мәселе. Футбол – өте қарапайым спорт түрі. Доп пен алаң болса жетіп тұр. Алаң болмаса да футбол ойнауға болады. Бірақ алаңда ойнағанға не жетсін?! Футбол инфрақұрылымына инвестиция салудың маңызы өте зор. FIFA тұрғысынан айтсақ, бізде «FIFA бүкіл әлем үшін» деген бағдарламамыз бар. Ол бағдарлама әлемдегі бүкіл футбол қауымдастықтарына көмектесуді көздейді. Бюджетіміз – 8 млн доллар. Түрлі жобаларға, инфрақұрылымға арналған. Біз Қазақстан футбол федерациясымен жаңа ойын алаңдарының мәселесін, Талғардағы футбол орталығын талқыладық. Федерацияға футбол алаңдарының біріне әлемдегі ең ұлы футболшылардың бірі — Пеленің атын бергені үшін алғыс айтып, құттықтағым келеді», - деді FIFA президенті.

Сондай-ақ, ол футбол инфрақұрылымы мәселесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен де талқылағанын атап өтті.

«Қазақстан FIFA турнирлерін, жасөспірімдер арасында әлем чемипонатын, 17, 20-жасқа дейінгі жастар арасында әлем біріншіліктерін өткізуге ниеттенсе, әуелі инфрақұрылым өзгеруі керек екені анық мәселе.

Стадиондар көбірек болғаны керек. Астанадағы стадион өте әдемі. Бірақ ол төбесі жабылатын жалғыз стадион. Бізге көбірек стадион керек және оның бәрі орасан үлкен болуы міндетті емес. Бізге шағындау болса да, жастар, өзге адамдар көбірек ойнай алатын стадиондардың көп болғаны маңызды.

Қазақстан футбол федерациясының, ел Президентінің футбол инфрақұрылымына инвестиция салуға деген ынтасы күшті. Өйткені футбол инфрақұрылымына салған ақша – Қазақстан халқына, жастарына салынған инвестиция. FIFA-ға да осы іспен айналысу керек. Біз де өз үлесімізді қосып жатырмыз, Қазақстан да өз үлесіп қосып жатыр. Келешекте балалардың ойнауына арналған футбол алаңдары мен алаңқайлары көп болатынына сенімдімін. Қазақстан үшін күн суық кезеңде де футбол ойнауға мүмкіндік беретін төбесі жабылатын ареналардың болғаны өте маңызды. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деді Джанни Инфонтино.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды