Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев шотокан каратэден әлем чемпионы атанды. Жарыс Стамбул қаласында өткен.
Ол WSF нұсқасы бойынша өткен әлем чемпионатында 45–54 жас санатында (Shobu Ippon Kumite Open) сынға түсіп, барлық жекпе-жекті жеңіспен аяқтаған.
Турнир барысында қазақстандық спортшы бірде-бір рет жеңілмеген. Алғашқы кездесуінде Англия өкілі Майк Линчті 2:0 есебімен ұтса, келесі кезеңдерді де дәл осындай нәтижемен еңсерген.
Жартылай финалда Кот-д’Ивуар спортшысы Франк Лоусонды 2:0 есебімен жеңіп, финалда да басымдық танытып, алтын медаль иеленді.
Чемпионатқа Түркия, Әзірбайжан, Ұлыбритания және Африка елдерінен келген спортшылар қатысқан.
Айта кетейік, Марат Мурзиев 2023 жылдың сәуірінен бері Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
RUS