Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова ісі бойынша сот үкімі шықты

27.04.2026, 16:44
553
Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова ісі бойынша сот үкімі шықты instagram.com/zhanabylov_e

Айыпталушылар 247 млн теңгеден астам шығынды өтеген.

Астана соты блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім шығарды. Екеуі де заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Процессуалдық келісім аясында айыпталушылар кінәсін толық мойындап, 247 миллион теңгеден астам шығынды өтеген. Осыны ескерген сот прокурор ұсынған жазамен келісті.

Сот шешімімен Ерболат Жанабылов 2 жылға бас бостандығынан айырылды, алайда жаза шартты түрде белгіленіп, пробациялық бақылау енгізілді. Сондай-ақ мүлкі тәркіленеді.

Ал Эльмира Төлегенова 2 жылға сотталды, бірақ жазаны өтеу 2 жылға кейінге қалдырылды.

Бұл іс бойынша сот тыңдаулары наурыз айында басталған. Бұған дейін айыпталушылар процестік келісімге келіп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан