Алматылықтарға өз кәсібін ашу үшін мемлекеттен 1,3 млн теңге грант беріледі

03.05.2023, 19:43
558
Алматылықтарға өз кәсібін ашу үшін мемлекеттен 1,3 млн теңге грант беріледі smartnews.kz

Алматыда жұмыссыздарға жеке кәсібін ашуға биыл 517,5 млн теңгеге 375 грант беру жоспары бекітілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Спикердін сөзінше, бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар әлеуметтік осал топтардың азаматтары үшін бөлінетін болады. Бүгінгі таңда комиссия 1059 өтінімді қарады, оның 94–і мақұлданды, 965 өтініш қабылданбады.

«400 еселенген айлық есептік көрсеткіш (1 380 000 теңге) мөлшеріндегі мемлекеттік грант - жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал», — деді Сағындық Кенжебаев.

Айтуынша, гранттар келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі: еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Гранттар алудың негізгі шарттары:

1. Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату:

- Тіркелген жұмыссыздар

- Жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін)

2. Келесі әлеуметтік санаттардың біріне жату:

- Көпбалалы тұлғалар-көпбалалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы)

- Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері

- Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы)

- Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері

- Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар

- Кандас мәртебесі бар адамдар

- Мүмкіндігі шектеулі адамдар

3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы. (Оқуды онлайн түрде skills.enbek.kz порталы арқылы өтуге болады)

«Грант алуға кандидаттардың өтініші мен бизнес-жобасын халықты жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен құрылған комиссияның отырысына қарауға шығарады. Халықты жұмыспен қамту орталығы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді», - деп толықтырды спикер.

Сондай-ақ, грант алған сәттен бастап басты шарт жеке кәсіпкер ретінде үш ай ішінде тіркелуі тиіс.

Грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz. порталына тіркелу қажет. Барлық сұрақтар бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, Достық даңғылы 85, «әлеуметтік қызметтер үйі» мекенжайы бойынша немесе 310-47-82 бірыңғай нөмірі бойынша хабарласуға болады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді