Елімізде қалдықтар енді табыс көзіне айналмақ

28.04.2026, 11:25
416
Елімізде қалдықтар енді табыс көзіне айналмақ FRIMU EUGEN / frimufilms

Қазақстанда қалдықтардың барлық түрін қамтитын бірыңғай реттеу жүйесі енгізілмек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесін түбегейлі реформалау басталды. Бұл өзгерістер барлық қалдық түрін қамтитын бірыңғай ережелерді енгізіп, мүлде жаңа экономикалық сектор қалыптастыруды көздейді. Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкастында «Жасыл Даму» АҚ басқарушы директоры Данияр Байғараев мәлімдеді.

Сарапшының айтуынша, қазіргі жүйе толыққанды жұмыс істемейді. Елде нақты салалық реттеу тек коммуналдық қалдықтармен шектелген, ал қалған бағыттар жүйесіз қалып отыр.

– Бүгінде нақты ережелер тек коммуналдық қалдықтарға қатысты. Ал жалпы шамамен 20 түрлі қалдық бар. Соның ішінде күнделікті кездесетін 9 негізгі түрі бар, оған құрылыс пен медициналық қалдықтар да кіреді. Бұдан бөлек, 60-қа жуық қосымша түрлері бар. Бірақ олардың барлығы бір ғана қағидамен реттеліп отыр, – деді Данияр Байғараев.

Жаңа реформа осы олқылықты жоюға бағытталған. Енді қалдықтардың әр түріне қатысты нақты әрі түсінікті талаптар енгізіледі.

– Біз кешенді әрі бірыңғай жүйеге көшеміз. Кейбір қалдық түрлері жеке реттеледі, ал кейбірі ортақ ережелермен біріктіріледі. Ең бастысы – барлық қатысушылар үшін ортақ талаптар қалыптасады, – деп түсіндірді ол.

Реформаның тағы бір маңызды бағыты – экономикалық әлеует. Яғни, қалдықтарды басқару тек экологиялық міндет емес, табыс әкелетін салаға айналмақ.

– Негізгі мақсат – жаңа нарық құру. Ол жұмыс орындарын ашады және табыс әкелетін толыққанды индустрия қалыптастырады. Қазақстанда мұндай нарық іс жүзінде алғаш рет пайда болғалы отыр, – деді «Жасыл Даму» өкілі.

Сарапшының сөзінше, бұл өзгерістер экологиялық реттеуді күшейтіп қана қоймай, елдегі «жасыл» экономиканың дамуына серпін береді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады