Екібастұз, Кентау, Арқалық қалаларының тозу деңгейі 85% асты

03.05.2023, 20:37
445
Екібастұз, Кентау, Арқалық қалаларының тозу деңгейі 85% асты smartnews.kz

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев моноқалаларды дамыту жоспарының бекітілмеуін сынға алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 27 моноқала бар және оларда 1,4 млн адам тұрады. Көбісінде ұқсас, шешілмеген проблемалар аз емес, әсіресе жаппай көшіп кету, халық санының азаюы, жұмыссыздық, инженерлік-көлік инфрақұрылымның тозуы және әлеуметтік инфрақұрылымның жетіспеушілігі мен төмен материалдық-техникалық қамтылу байқалады», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, Екібастұз, Кентау және Арқалық қалаларында су желілері, кәріз, жылу және электрмен жабдықтау жүйелердің тозу мөлшері 85% асты. Арқалықта жолдардың 80% астамы қанағаттанарылықсыз жағдайда, ал бала өлімі көрсеткіші 2022 жылы алдындағы жылмен салыстырғанда 40% артқан. Оның негізгі себептері – медицина кадрларының тапшылығы мен денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы деңгейінің төмендігі. Нәтижесінде халықтың 50% астамы басқа өңірлерге көшіп кетуге мәжбүр болды.

Осыған орай, Ұлттық экономика министрлігі мен әкімдіктер Алтай, Балқаш, Жаңатас, Қаратау, Лисаковск, Риддер, Серебрянск, Степногорск және Арқалық сияқты 10 қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеген.

«Осы күнге дейін бұл жоспарларды Үкімет бекіткен жоқ. Яғни, 2023 жылдан бастап іске асырылуы тиіс кешенді жоспарлар әлі орындалмай отыр. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысында моноқалалардың жұртшылығымен болған кездесулерде аз көтерілген жоқ. Жоспарларды уақытылы қабылдау шағын және орта бизнестің жаңа субъектілерін ашу мен өнеркәсіптік өндіріс көлемін ұлғайтуға және жеке инвестициялар тартуға, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерінде қолайлы жағдайлар жасауға, халықты орталықтандырылған сумен қамтуды жақсартуға мүмкіндіктер береді. Осы аталғандарға байланысты Кешенді жоспар жобаларын Үкіметтің бекітуін жеделдетіп, іске асыруға кірісу қажет деп санаймыз», - деді Берік Бейсенғалиев.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді