Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу жаңа табыс көзіне айналуы тиіс – сарапшы

28.04.2026, 17:33
613
Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу жаңа табыс көзіне айналуы тиіс – сарапшы Kazinform

Қазақстанда алғаш рет қалдықтардың барлық түрін қамтитын кешенді тұжырымдама қабылданды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу табысты әрі толыққанды салаға айналуы тиіс. Қалдықтарды басқару жүйесінде сызықтық модельден айналмалы, яғни циркулярлық экономикаға көшу бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, қайта өңдеу көлемін арттыруға ықпал етеді. Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкастында «Жасыл Даму» АҚ басқарушы директоры Данияр Байғараев мәлімдеді.

Оның айтуынша, дәстүрлі жүйе қалдықтарды тек проблема ретінде қарастырса, заманауи тәсіл оны экономикалық ресурс ретінде бағалайды.

«Сызықтық қалдықтарды басқару жүйесінде қалдық әрдайым проблема ретінде қабылданады: ол пайда болады, бірақ әрі қарай не істеу керектігі шешілмей қалады. Ал циркулярлық экономика мүлде басқа көзқарас ұсынады, мұнда қалдықтар шикізат әрі қосымша табыс көзі ретінде қарастырылады», – деді Данияр Байғараев.

Ол Экология министрлігі әзірлеген қалдықтардың барлық түрін басқару жөніндегі тұжырымдаманың қабылдануын маңызды тарихи қадам деп атады.

«Қазақстан Тәуелсіздік алған 35 жыл ішінде алғаш рет қалдықтардың барлық түрін басқару жөніндегі тұжырымдама қабылданды. Оны әзірлеуге шамамен 120 отандық және халықаралық сарапшы қатысты. Бұл – саланың барлық процесін жүйелеген алғашқы кешенді құжат», – деді ол.

Аталған құжат аясында ашық ережелер қалыптастыру және бизнесті ынталандыруға бағытталған заңнамалық тетіктер енгізіліп жатыр.

«Біз басқару қағидалары мен ынталандыру шараларын әзірлеп жатырмыз. Қосымша реттеу құралдары енгізілген сайын сала хаостан жүйелі басқаруға көшеді», – деп түсіндірді «Жасыл Даму» АҚ өкілі.

Сондай-ақ ол кәсіпкерлерді қалдықтарды қайта өңдеу процесіне белсенді тарту басты бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Біз барлық қалдық түрін есепке алып, инфрақұрылымдағы олқылықтарды анықтап, нақты шешімдер ұсынуымыз керек. Қазір ірі жобалар портфелі қалыптасып жатыр. Ең маңыздысы – осы ресурстарды бизнеске тиімді ұсыну», – деді ол.

Сарапшының пікірінше, саланы дамытудың негізгі қозғаушы күші – экономикалық мүдде.

«Кәсіпкерлер үшін ең бастысы – экономикалық тиімділік. Сол себепті қалдықтарды шикізат ретінде ұсыну жүйесі шешуші рөл атқарады», – деді ол.

Қайта өңдеу көлемінің артуы экологиялық жағдайға тікелей әсер ететіні де айтылды.

«Қайта өңдеу көбейген сайын полигондарға түсетін қалдық азаяды. Бұл өз кезегінде экологияға нақты оң әсер береді», – деп түйіндеді Данияр Байғараев.

Сарапшылардың пікірінше, циркулярлық экономиканың дамуы Қазақстанға тек экологиялық жүктемені азайтып қана қоймай, жаңа бизнес бағыттарын қалыптастыруға да жол ашады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды