Трамптың портреті енді АҚШ паспортына басылады

29.04.2026, 09:49
427
Трамптың портреті енді АҚШ паспортына басылады U.S. State Department/Handout/REUTERS

Трамптың есімі мен бейнесі соңғы айларда АҚШ-тағы бірқатар ресми нысандар мен символдарға енгізіліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-та ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай жаңа сериядағы паспорттар шығарылып, олардың мұқабасына қазіргі президент Трамптың портреті орналастырылады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, ерекше дизайндағы бұл құжаттар Вашингтондағы паспорт агенттігі арқылы берілмек. Ал онлайн өтінім жасағандар немесе басқа бөлімшелерге жүгінген азаматтар бұрынғы стандартты үлгідегі паспорт алады.

Жарияланған макетке сәйкес, паспорттың ішкі алдыңғы бетіне Трамптың бейнесі мен алтын түсті қолтаңбасы түсіріледі. Артқы мұқабада америкалық суретші John Trumbullдың «Тәуелсіздік декларациясы» картинасының бір бөлігі бейнеленеді. Мұндай паспорттардың нақты қанша дана шығатыны әзірге айтылмады.

Қазіргі стандартты америкалық паспорттарда суретші Edward Percy Moranның туындысы қолданылады. Онда АҚШ әнұраны мәтінінің авторы Francis Scott Key бейнеленген.

Бұған дейін де Трампқа қатысты бірнеше символикалық өзгеріс жарияланған болатын. Атап айтқанда, АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған 100 долларлық купюраларда президенттің қолтаңбасы пайда болатыны хабарланған. Осылайша 165 жылдан бері алғаш рет қазынашының қолтаңбасы банкноттан алынып тасталмақ.

Сонымен қатар АҚШ-тың көркем өнер комиссиясы Трамп бейнеленген 24 караттық алтын монетаны шығаруды мақұлдады. Монетада президент жұдырығын түйіп тұрған сәт бейнеленіп, «Liberty» («Бостандық») деген жазу қашалады.

Соңғы айларда АҚШ-та Трамптың есімі бірқатар мемлекеттік және мәдени нысандарға да беріле бастады. Олардың қатарында Вашингтондағы бейбітшілік институты мен Джон Кеннеди атындағы өнер орталығы бар. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр