Ежелгі аңыздар негізінде анимациялық альманах жасап шығарылады – министрлік

04.05.2023, 09:26
532
Ежелгі аңыздар негізінде анимациялық альманах жасап шығарылады – министрлік smartnews.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздар негізінде анимациялық альманах жасап шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Министрлік мәліметіне сәйкес, жоба аясында 2023 жылы хронометражы 5 минуттан асатын кемінде 10 анимациялық туынды жарыққа шығады деп күтілуде.

Қазір сценарийлерге байқау жарияланды. Оған: түркітілдес елдердің ұлы тұлғалары, қасиетті жануарлары мен жер-су атаулары, түркітілдес елдердің ортақ мерекелері мен ұлттық ойын-сауықтары туралы аңыздар тақырыптарында шығармашылық жұмыстар қабылданады.

Питчинг қорытындысы бойынша таңдалған 10 үздік жоба ашық қорғау мүмкіндігіне ие болады.

«Бұл жобаның маңызы өте үлкен. Қазір сценарийлер байқауы жарияланды. Біз авторларға өткен тарихымызды бүгінгі күнмен байланыстыруға болатындай шығармашылық еркіндік беріп отырмыз. Сол себепті үміткерлерден тақырыпқа сай және көркемдік деңгейі жоғары жұмыстар күтеміз»,- деді «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серік Әбішев.

Дабыл! Астана аспаны жабылады! Қарттарды әбден азаптаған пансионат қызметкері небәрі 3 жылға сотталды Депутат Дәулет Мұқаев «Алатау серілері» тобын оқытушыларға мәжбүрлеп билет сатқызды деп айыптады Екі сутенер әйел 14 жасар қыздың тәнін саудаға салып, есірткімен улаған (ВИДЕО) Балалардың балабақша шатырына шығып ойнағаны, жұртты шошытты (ВИДЕО) Келінін балағаттаған мас қайын атаға заң арақ ішуге тыйым салды Семейде әйел адамды жүк пойызы басып кетті (ВИДЕО) Енді 59 жастағы ерлер мен 57 жасқа дейінгі әйелдер ғана «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тәлім ала алады «Бұршақ, жел, жаңбыр»: 16 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Президенттікке кандидат боламын деп шештім»: Дина Төлепберген маңызды мәлімдеме жасады Кәріз шұңқырына құлап, қаза тапқан 6 жасар баланың туыстары әкімдікті кінәлап отыр «Бүгін итті, ертең адамды…»: Семейде қаскөйлер итті ағашқа асып, оның өлгенін күткен Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан 9 баллдық жер сілкінісіне дайын екенін айтты 12 жасар қызды зорлаған жетісулық педофил өмір бойына сотталып кетті Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты Ақтөбелік жасөспірімдер TikTok-қа қару ұстап түскен суреттерін жүктеген Алматылық дәрігерлер ота арқылы науқастың даусын сақтап қалды Ақтауда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті 15 жастағы қыз әкесін пышақтап өлтірді LRT-ның ақшасын жымқырған күдіктілердің бірі қайда екенін Интерпол анықтады