Ақтөбеде төрт адам қаза тапқан жол апатына күдіктінің бойынша іс қайта қаралмақ

29.04.2026, 13:29
464
Ақтөбеде төрт адам қаза тапқан жол апатына күдіктінің бойынша іс қайта қаралмақ Алтынай Сағындықова / Kazinform

Алқабилер ақтап жіберген қырғызстандыққа қатысты үкімнің күші жойылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде бірнеше адамның өмірін қиған жол апатына қатысты іс қайта қаралатын болды. Бұған дейін алқабилер соты ақтап жіберген Қырғызстан азаматына қатысты үкімнің күші жойылды.

33 жастағы Рамазан Инфуров бір ай бұрын сот залынан босатылған еді. Алайда прокуратура мен жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсіріп, іс қайта қарауға жіберілді.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қайғылы жол апаты Самара — Шымкент тасжолында болған. Mitsubishi Montero Sport көлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бір отбасының үш баласы мен әкесі қаза тапқан.

Бастапқыда айып жеңіл көлікті басқарған балалардың анасына тағылған. Іс Әйтеке би аудандық сотында қаралып, жол ережесін бұзу фактісі дәлелденбегендіктен ақтау үкімі шыққан.

Арада үш жыл өткен соң тергеу қайта жанданып, айып жүк көлігінің жүргізушісі Рамазан Инфуровке тағылды. Іс Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды. Нәтижесінде сот оны қылмыс құрамы жоқ деп танып, ақтап шыққан.

Сонымен қатар жәбірленуші тараптың 50 миллион теңге моральдық өтемақы мен 500 мың теңге сот шығынын өндіру туралы азаматтық талабы қараусыз қалған.

Алайда кейін прокуратура үкімді жоюды талап етіп, апелляциялық өтініш берген. Апелляциялық алқа бұл уәжбен келісіп, істі қайта қарауға жолдады.

Сот материалдарына сәйкес, алқабилер құрамын жасақтау кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталған. Алқабилердің бірі екі баласы барын айтып, процеске қатыса алмайтынын жеткізсе, тағы бірі ант беруден бас тартқан.

Бұдан бөлек, қосалқы алқабидің бірі сот басталмай тұрып-ақ ақтау үкімін қолдайтынын алдын ала айтқан.

Осыған байланысты Ақтөбе облыстық сотының сот алқасы бұрынғы үкімнің күшін жойып, істі сол сотта, бірақ басқа құраммен қайта қарау туралы шешім қабылдады. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды