FIFA ауған босқын әйелдер құрамасына халықаралық матчтарға жол ашты

Азиз Қалижан Редактор
30.04.2026, 09:47
1311
FIFA ауған босқын әйелдер құрамасына халықаралық матчтарға жол ашты ABC Sport / Damien Peck

Ауған босқын әйелдер құрамасы алғашқы халықаралық матчтарын маусымда өткізеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы — FIFA ауған босқын әйелдер құрамасына халықаралық жарыстарға қатысуға ресми рұқсат берді. Бұл шешім тәліптер билікке келгеннен кейін елден кетуге мәжбүр болған футболшылар үшін бес жылдық үзілістен соң қабылданып отыр.

Associated Press мәліметінше, тарихи шешім FIFA кеңесінің Канададағы отырысында бекітілген.

FIFA президенті Джанни Инфантино бұл бастаманың басқа елдердегі осындай жағдайға тап болған командалар үшін де маңызды үлгі болатынын айтты.

— Біз Afghan Women United бастамасын қолдаймыз. Бұл қадам ресми ұлттық команда ретінде тіркеле алмай отырған өзге қауымдастықтарға да мүмкіндік береді, — деді Инфантино.

Ауғанстан әйелдер құрамасы соңғы ресми матчын 2018 жылы өткізген. Ал 2021 жылы тәліптер билікке қайта келген соң елдегі әйелдер спортына толық тыйым салынды. Қудалаудан қауіптенген көптеген футболшы Ауғанстаннан кетуге мәжбүр болды.

Бұған дейін FIFA ережелері бойынша команданы тек Ауғанстан футбол федерациясы мойындауы керек еді. Алайда тәліптер әйелдер футболын қолдаудан бас тартқандықтан, команда халықаралық жүйеден тыс қалып келген.

Соңғы бірнеше жылда ауған футболшылары мен құқық қорғаушылар FIFA-дан ресми мойындау мен қаржылық қолдау сұрап, халықаралық деңгейде күрес жүргізді.

Команданың бұрынғы капитаны әрі негізін қалаушы Халида Попал бұл шешімді тарихи әділеттілік деп бағалады.

— Бес жыл бойы бізге ауған әйелдері енді ешқашан халықаралық футбол ойнай алмайды деп айтылды. Бұл шешім тек біздің болашағымызды ғана емес, әйел спортшылардың құқығын қорғау жолындағы күресті де өзгертеді, — деді ол.

Жаңа босқындар құрамасы FIFA-ның Ауғанстандағы әйелдер мен қыздарды қолдауға арналған арнайы стратегиясының бір бөлігіне айналды. Бағдарлама әйелдердің спортқа қатысу мүмкіндігін сақтауға бағытталған.

Ауған босқын әйелдер құрамасы алғашқы жолдастық матчтарын маусым айында өткізеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді