Қазақстандық файтер UFC-мен ерекше келісімшартқа отырды

Аиса Махамбет Редактор
30.04.2026, 10:31
1264
Қазақстандық файтер UFC-мен ерекше келісімшартқа отырды instagram.com/alibi_idiris

Әліби Идрис үш жыл ішінде жеті жекпе-жек өткізуге міндеттелгенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, файтер Әліби Идрис UFC ұйымымен жасасқан келісімшартының ерекшеліктерін жария етті. Оның айтуынша, келісім үш жыл ішінде жеті жекпе-жек өткізуді міндеттейді.

Sports.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы әлемдегі ең беделді промоушенге The Ultimate Fighter реалити-шоуы арқылы жолдама алған. Финалда америкалық Джозеф Моралеске есе жібергеніне қарамастан, UFC оған ресми келісімшарт ұсынған.

Әліби Идристің сөзінше, TUF жобасының қатысушыларына арналған келісімнің форматы өзгеше. Жауынгерлер үш жыл ішінде жеті кездесу өткізуі тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, келісімшарт қайта қаралуы немесе мүлде ұзартылмауы мүмкін.

Спортшы қазіргі таңда келісім аясында тағы бес жекпе-жек өткізуі керегін айтты. Оның болашақтағы тағдыры осы кездесулердегі нәтижеге тікелей байланысты болмақ.

Сондай-ақ Идрис UFC-дің TUF қатысушыларын танымал етуге қомақты қаржы құятынын атап өтті. Оның пікірінше, арнайы келісімшарт — ұйымның өзін сақтандыру тетігі. Егер спортшы жұлдызға айналса, UFC алдын ала бекітілген шартпен оның жеті жекпе-жегін өткізу мүмкіндігін сақтап қалады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады