Ресей Арменияның минералды суын сатуға тыйым салды

Аиса Махамбет Редактор
30.04.2026, 13:06
436
Ресей Арменияның минералды суын сатуға тыйым салды APA

Мамандар өнімнің емдік қасиеті туралы ақпарат тұтынушыларды адастыруы мүмкін екенін ескертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде Армениядан әкелінетін және сатылатын минералды суға тыйым салынды

Ресейде «Честный знак» мемлекеттік таңбалау жүйесі Арменияда өндірілетін «Джермук» минералды суының елге әкелінуі мен сатылуын уақытша тоқтатты. Бұл туралы 28 сәуірде бірқатар ресейлік БАҚ хабарлады.

Тыйымға Ресей тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатын қадағалау қызметінің (Роспотребнадзор) шұғыл тексеру жүргізу туралы хаты себеп болған. Онда Ресей азаматтарының өмірі мен денсаулығына ықтимал қауіптің алдын алу қажеттілігі айтылған, деп жазады РБК.

Тексеру аяқталғанға дейін аталған өнім нарыққа шығарылмайды. Ведомство мәліметінше, су құрамынан гидрокарбонат иондары, хлоридтер мен сульфаттардың рұқсат етілген деңгейден жоғары мөлшері анықталған. Сонымен қатар өнімнің «емдік қасиеттері» туралы ақпарат тұтынушыларды адастырып, дұрыс ем қабылдамауға және денсаулықтың нашарлауына әкелуі мүмкін екені айтылған, деп хабарлайды «Интерфакс».

Бұған дейін, ақпан айында, Солтүстік Осетия басшысы Сергей Меняйло Владикавказ қаласында 65 жастағы ер адамның қате сатып алынған «Джермук» бөтелкесіндегі сұйықтықты сірке қышқылы деп қабылдап, ішіп қойып, өңешіне ауыр күйік алып, көз жұмғанын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, кейбір ресейлік басылымдар бұл шешімді Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Мәскеуде Владимир Путинмен кездесуі кезінде жасаған саяси мәлімдемелерімен байланыстырады. Сол кездесуде ол Арменияны «демократиялық мемлекет» деп атап, елдегі әлеуметтік желілердің еркіндігін ерекше атап өткен.

Пашинян сондай-ақ алдағы парламенттік сайлаулар мен Ресей азаматтарының Арменияда депутат немесе премьер-министр бола алмайтынын айтқан болатын. Бұған қоса, Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы (ҰҚШҰ) жұмысын тоқтату себебін 2022 жылғы Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде ұйым тетіктерінің іске қосылмауымен түсіндірген.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан