1224

Шымкентте әйел WhatsApp чатта өзін балағаттаған көршілерін сотқа берді

Тұрғын сот арқылы моральдық өтемақы өндіріп алды.

Шымкентте әйел WhatsApp чатта өзін балағаттаған көршілерін сотқа берді
Diego Vito Cervo / Dreamstime.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласының тұрғыны көршілердің ортақ WhatsApp чатында өзіне және отбасына қатысты балағат сөздер жазылғанын анықтап, моральдық зиянды өтеу туралы сотқа талап арыз берген.

Іс Шымкент қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Талап қоюшының айтуынша, жауапкерлер үй тұрғындарының ортақ чатында оған және оның отбасына қатысты былапыт сөздер қолданған.

Сот хабарламасына сәйкес, тараптар сот процесі барысында медиациялық келісімге келген. Нәтижесінде талап қоюшы өз арызынан бас тартқан, ал жауапкерлер кінәсін мойындап, оған 150 мың теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді. Төлем мерзімі мамыр айының соңына дейін белгіленген.

Сот аталған келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты. Сонымен қатар талап қоюшы төлеген мемлекеттік баж салығы да қайтарылатын болды.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында ерлі-зайыпты WhatsApp арқылы тауар сатып, 112 адамды алдағаны туралы дерек тіркелген болатын.

Материал авторы