Жеңіс күніне арналған марш Алматыда онлайн форматта өтеді

04.05.2023, 11:34
977
Жеңіс күніне арналған марш Алматыда онлайн форматта өтеді smartnews.kz

Биыл «Ер есімі – ел есінде» акциясы https://batyrlargatagzym.el.kz платформасында онлайн өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Онлайн-акцияны өткізуде тәжірибеміз жеткілікті. 2020-2021 жылдары карантиндік шектеу кезінде осындай акция онлайн форматта өткен еді. Акцияны дәстүрлі форматта өткізу үнемі қоғамдық қауіпсіздіктің белгілі бір келеңсіз жағдайларына алып келетіні жасырын емес. Сонымен қатар, қаланың орталық көшелерінің біріндегі қозғалыстың жабылуы автокөлік иелері мен жақын маңдағы үй тұрғындары үшін қолайсыздықтар туғызады», - деді «Ауғанстан ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Абдушукуров.

Айтуынша, онлайн-акцияларға қала тұрғындары белсенді қатысады. Алмалы аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Қабылов «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы аясында үйінде қызмет көрсетілетін және медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын соғыс ардагерлері мен мүгедектерін, тыл еңбеккерлерін құттықтайтындарын жеткізді. Сонымен қатар, соғыс ардагерлерін және оларға теңестірілген санаттағы адамдарды, оның ішінде үйде кешенді әлеуметтік-медициналық тексеру айы жалғасуда. Спикерлер Алматы тұрғындары мен қонақтарын арандатушылыққа берілмеуге, қоғамдағы келісім мен өзара сыйластықты сақтауға шақырды.

«9 мамыр – біздің ортақ мерекеміз. Бұл күндері ризашылық білдіріп, соғыс ардагерлерін құрметтеп, бірлікті көрсетуіміз керек»,- деді Батай Қабылов.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді