Алматы облысында 2800 шаршы метр картон қоймасы отқа оранды

01.05.2026, 09:43
1124
Алматы облысында 2800 шаршы метр картон қоймасы отқа оранды ТЖМ

Жоғары температурадан ангардың металл шатыры ортасына түсіп кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында картон зауыты аумағындағы қойма ангарында шыққан ірі өрт толық сөндірілді. Тілсіз жау 2800 шаршы метр аумақты шарпыған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қарасай ауданындағы Абай ауылында орналасқан картон зауыты аумағына алғашқы өрт сөндірушілер жеткен кезде ангар ашық жалынға оранып үлгерген. Өрт тез таралып, жағдай күрделене түскен.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Мамандар үздіксіз су беру жүйесін ұйымдастырып, бірнеше бағыттан су атқылаған.

Ведомствоның мәліметінше, өрттің жылдам таралуына қоймада сығымдалған картон қораптардың көп мөлшерде сақталуы себеп болған. Жоғары температура салдарынан ангардың металл шатыры опырылып, бұл өрт сөндірушілердің жалын ошағына жетуін қиындатқан.

Бірнеше сағатқа созылған операциядан кейін өрт толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер тіркелмеген.

Қазір оқиға орнында өрт сынақ зертханасының мамандары мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады