Трамп Иранның әлем чемпионатына қатысуына келісім берді

01.05.2026, 11:13
1082
Трамп Иранның әлем чемпионатына қатысуына келісім берді AP

FIFA Иран құрамасын ӘЧ-2026 турнирінен шеттетпейтін болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, FIFA Иран құрамасының 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатынын ресми түрде растады. Бұл туралы ұйым басшысы Джанни Инфантино мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп та Иранның турнирге қатысуына қарсылық білдірмейтінін айтты. Оның сөзінше, шешуші рөл FIFA-ға тиесілі.

«Егер Джанни солай шешсе — мен қарсы емеспін. Қатыса берсін», — деді Трамп.

Сонымен қатар ол футболдың саясаттан бөлек болуы тиіс екенін атап өтті.

Мәселе Ванкуверде өткен FIFA-ның жыл сайынғы конгресінен кейін қызу талқылана бастады. Конгреске қатысуы тиіс Иран делегациясы Канада аумағына кіре алмады. Ел билігі бұған дейін берілген рұқсаттарды кері қайтарып алған.

Иран футбол федерациясының президенті Мехди Тадждың Ислам революциясы сақшылары корпусымен ықтимал байланысы себеп болғаны айтылды. Бұл ұйым Канадада террористік ұйымдар тізіміне енгізілген.

Канада премьер-министрі Марк Карни мұндай құрылымдармен байланысы бар адамдардың елге кіруіне тыйым салынатынын мәлімдеді. Ал елдің сыртқы істер министрі Анита Ананд рұқсаттардың күшін жою фактісін растады.

Соған қарамастан FIFA Иран құрамасының әлем чемпионатына қатысатынын нақтылады. Инфантиноның айтуынша, әлем чемпионаты — саяси қайшылықтарға қарамастан мемлекеттерді біріктіретін алаң болуы керек.

Алдын ала жоспар бойынша Иран құрамасы топтық кезеңде Жаңа Зеландия, Бельгия және Мысыр құрамаларымен кездеседі. Матчтар 2026 жылдың маусымында Лос-Анджелес пен Сиэтлде өтеді.

Сондай-ақ Джанни Инфантино 2027 жылғы FIFA президенті сайлауына қайта қатысатынын жариялады. Егер қайта сайланса, ол ұйымды 2031 жылға дейін басқаруы мүмкін.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады