Түркия 85 елдегі миллиондаған адамға құрбандық етін таратпақ

01.05.2026, 13:16
1328
Түркия 85 елдегі миллиондаған адамға құрбандық етін таратпақ aa.com.tr

Құрбан айт қарсаңында Түркия ауқымды гуманитарлық науқан бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның гуманитарлық қоры биыл Құрбан айт кезінде 85 елдегі мұқтаж жандарға құрбандық етін үлестіру науқанын бастады. Ауқымды қайырымдылық акциясы Түркияның өзін де қамтиды.

Науқан «Құрбандығыңмен бөліс — бауырыңа жақында» ұранымен өтіп жатыр. Жоба әлемнің ондаған өңіріндегі әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсетуге бағытталған.

Қор өкілдері сенімхат арқылы шалынатын құрбандық құнын да жариялады. Түркия аумағында бір үлес — 18 мың лира, шетелдер үшін — 7 мың лира, ал Палестинаға арналған құрбандық — 15 мың лира болып белгіленген.

Ұйым Түркияның 81 провинциясы мен 922 ауданын, сондай-ақ әлемнің 84 еліндегі 420 өңірді қамтуды жоспарлап отыр. Жалпы саны 990 мыңға жуық құрбандық үлесі таратылмақ. Бұл миллиондаған адамға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Қор мәліметінше, барлық құрбандық шалу рәсімдері ислам талаптарына сай өткізіледі. Процеске ветеринар мамандар бақылау жасап, қор қызметкерлері мен еріктілер қатысады.

Түркия ішінде ет мүфтияттар мен аймақтық бөлімшелер арқылы үлестіріледі. Ал шетелдерде көмекті қордың жергілікті өкілдері мұқтаж отбасыларға жеткізеді.

Биыл Палестина мен Газа секторына ерекше назар аударылып отыр. Құрбандық малдары Мысыр аумағында сатып алынады. Егер Газаға бірден жеткізу мүмкін болмаса, ет арнайы тоңазытқыш қоймаларында сақталып, кейін жөнелтіледі. 

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады