SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада мемлекет қайраткері Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот үкімі жарияланды. Сотталушы кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Іс елордадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған. Сот процесі жабық режимде өткендіктен, оқиғаның нақты мән-жайы толық жарияланған жоқ.
Соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, үкім Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі — «Адам өлтіру» бойынша шығарылған.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 2025 жылдың 30 қазанына қараған түні болған. Тергеу дерегінше, Ержан Бабақұмаров танысымен болған жанжал кезінде көз жұмған.
Қақтығыстың нақты себептері мен оқиғаның егжей-тегжейі сот барысында анықталғанымен, жабық форматқа байланысты көпшілікке жария етілмеді.
Ержан Бабақұмаров әр жылдары Алматы әкімінің орынбасары, сондай-ақ Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған.
RUS