686

Хромтауда көшенің қақ ортасында 27 жастағы жігітті пышақтап өлтірді

Марқұмды 22 жастағы күдікті бірнеше жерінен пышақтаған.

Хромтауда көшенің қақ ортасында 27 жастағы жігітті пышақтап өлтірді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының Хромтау қаласында 27 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Криминальный Казахстан" мәліметінше, 3 мамыр күні полицияға Хромтаудағы Бейбітшілік даңғылы бойында пышақ жарақатын алған ер адам туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 27 жастағы азаматтың мәйітін тапқан. Алдын ала дерек бойынша, марқұмның денесінде бірнеше пышақ жарақаты болған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті. Ол — 22 жастағы ер адам.

Күдікті полиция бөліміне жеткізілген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс бойынша мойындау сипатындағы жауап алынған.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Материал авторы