«Қашпақ болған»: Шымкентте әскерге шақырылған жігіттің оқиғасына түсініктеме берілді

Азиз Қалижан Редактор
04.05.2026, 12:09
540
«Қашпақ болған»: Шымкентте әскерге шақырылған жігіттің оқиғасына түсініктеме берілді бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде тараған видео қоғамда резонанс туғызды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте әскерге шақырылған жас жігіттің қатысуымен болған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Чапаевка шағынауданында түсірілген видеода жігіт пен жергілікті орган өкілдерінің арасындағы жағдай көпшіліктің назарын аударған.

Кей қолданушылар мұны «қатаң ұстау» деп бағаласа, енді бірі жағдайдың толық мән-жайы ескерілмей жатқанын айтқан.

Otyrar басылымының мәліметінше, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері азаматты әскери есепке қою үшін жоспарлы жұмыстар жүргізген. Алайда бір сәтте жас жігіт жағдайды басқаша түсініп, қорқып кеткен.

Ресми мәлімет бойынша, ол қашуға әрекеттеніп, эмоциялық күйзеліс кезінде құлап қалған. Әлеуметтік желіде тараған кадрлар дәл осы сәтте түсірілген.

Кейін оған қызметкерлердің әрекетінің себебі түсіндірілгеннен соң, жігіт өз еркімен жинақтау пунктіне барған. Сол жерде медициналық комиссиядан өтіп, әскери қызметке жарамды деп танылған.

Билік өкілдері оның қызметкерлерге қатысты ешқандай шағымы жоғын мәлімдеді.

Сондай-ақ бұған дейін әскерге шақырылушыға бірнеше мәрте шақырту қағазы жіберілгені айтылды. Полиция аталған оқиға бойынша ешқандай арыз түспегенін хабарлады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады