«Көңіл қалдыратын жайттар бар»: Нани Қазақстан футболына ашық баға берді

04.05.2026, 12:52
799
«Көңіл қалдыратын жайттар бар»: Нани Қазақстан футболына ашық баға берді instagram.com/fcaktobe_official

«Манчестер Юнайтед» экс-ойыншысы Ақтөбе сапындағы жағдайларға пікірін білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы, португалиялық шабуылшы Луиш Нани Қазақстан чемпионатына бейімделу барысы туралы ашық пікір білдірді. Ол кейбір жайттардың көңілінен шықпайтынын жасырмады.

Луиш Нани Sports24.kz басылымына берген сұхбатында Қазақстан футболының жағдайына әлі де үйреніп жатқанын айтты.

«Шынымды айтсам, мен әлі де Қазақстан футболының шарттары мен шынайылығына бейімделіп келемін. Әрине, көңіл қалдыратын сәттер бар, бірақ оған қарамай болмайды. Ереже бұзылған сәттерге назар аударуды сұрап көп уақыт жоғалтамыз. Ойын барысында да уақыт кетіп жатады… Бірақ бұл жергілікті жағдайдың бір бөлігі. Мен мұнда ойнау үшін келдім, мүмкіндігінше тез бейімделуге тырысамын», — деді футболшы.

Айта кетейік, Луиш Нани мансабында Еуропаның бірқатар ірі клубтарында өнер көрсеткен. Оның қатарында португалиялық «Спортинг», ағылшынның «Манчестер Юнайтед», түркиялық «Фенербахче», испаниялық «Валенсия» және италиялық «Лацио» бар.

«Манчестер Юнайтед» сапында ол төрт рет Англия Премьер-лигасын, бір рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған.

Португалия ұлттық құрамасында Луиш Нани 112 матч өткізіп, 24 гол соққан. 2016 жылы ол ұлттық құрамамен бірге Еуропа чемпионы атанған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды