Павлодарда 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке деректері интернетке шығып кетті

Азиз Қалижан Редактор
04.05.2026, 13:33
453
Павлодарда 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке деректері интернетке шығып кетті pixabay.com

Прокуратура деректердің заңсыз жариялануы алаяқтыққа жол ашуы мүмкін екенін ескертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар қаласында білім саласы қызметкерлерінің жеке мәліметтері жаппай интернетке жарияланып кеткен.

Қадағалау органының мәліметінше, 28 білім беру ұйымы медициналық тексеріс өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу порталында хабарландыру жариялау кезінде қызметкерлердің жеке деректерін ашық қолжетімді етіп жіберген. Олардың қатарында анкеталық мәліметтер, тұрғылықты мекенжайлар және байланыс нөмірлері бар.

Прокуратура бұл жағдайдың тек еңбек заңнамасын бұзу ғана емес, сонымен қатар алаяқтық мақсатта пайдаланылу қаупін де тудырғанын атап өтті.

«Павлодар қаласы прокуратурасының қадағалау актісі нәтижесінде білім саласының 2 065 қызметкерінің жеке деректері ашық көздерден жойылды. Қателікке жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген ресми хабарламада.

Құзырлы органдар деректер қауіпсіздігіне салғырт қарауға болмайтынын ескертіп, мұндай олқылықтардың салдары ауыр болатынын жеткізді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді