SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеудегі 9 мамыр парадында әскери техниканың болмауы мүмкін екені туралы ақпаратқа пікір білдірді.
Мәліметке сәйкес, Владимир Зеленский бұл туралы Ереванда өткен Еуропалық саяси қоғамдастықтың VIII саммитінде айтқан.
«Ресей 9 мамыр парадын жариялады, бірақ ол шеруде әскери техника болмайды. Егер бұл рас болса, онда ұзақ жылдардан бері алғаш рет қару-жарақты парадқа шығаруға шамалары жетпейтін жағдай қалыптасып отыр. Сондай-ақ украин дрондары да сол парад үстінен ұшып өтуі мүмкін», — деді Украина басшысы.
Оның сөзінше, алдағы жаз Ресей президенті Владимир Путин үшін шешуші кезең болмақ. Зеленский Кремль басшысы соғысты жалғастыра ма, әлде дипломатиялық жолға көше ме, осыны таңдауы керек екенін айтты.
Сондай-ақ ол Владимир Путин дипломатия бағытына «итермелеу қажет» екенін мәлімдеген.
Еске салайық, бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін 9 мамыр парадында әскери техника колонналары болмайтынын хабарлаған еді. BBC-дің орыс қызметі мұндай жағдай 2022 жылдан бері алғаш рет тіркелуі мүмкін екенін жазды.
Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл шешім қауіпсіздік мәселелерімен байланысты екенін түсіндірді. Оның айтуынша, Украина тарапынан «террористік белсенділік» күшейген.
RUS