Иран бір айлық үзілістен кейін БАӘ-ге қайта соққы жасады

05.05.2026, 11:47
840
Иран бір айлық үзілістен кейін БАӘ-ге қайта соққы жасады Clash Report

БАӘ аумағына жасалған шабуылдан үш шетел азаматы жарақат алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран АҚШ-пен жасалған уақытша бітімнен кейін бір ай үзілістен соң Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) қайта соққы жасады. Шабуыл салдарынан үш үндістандық азамат жарақат алды.

DW хабарлауынша, Ираннан ұшырылған дрондар мен зымырандар БАӘ аумағына бағытталған. Елдің әуе қорғаныс жүйесі 19 нысанды – баллистикалық және қанатты зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды – дер кезінде атып түсірген.

БАӘ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Иран 12 баллистикалық ракета, 3 қанатты ракета және 4 дрон ұшырған. Шабуылдардың бірі Фуджейрадағы мұнай кешені маңына тиіп, өртке себеп болған.

Аталған соққыдан үш Үндістан азаматы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қауіпсіздікке байланысты БАӘ-де мектептер 5–8 мамыр аралығында онлайн форматқа көшірілді.

Оман билігі де өз аумағына соққы жасалғанын растады. Ақпаратқа сәйкес, Букха қаласы маңындағы шабуылдан тұрғын үй зақымданып, екі шетелдік жұмысшы жараланған.

БАӘ сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті «қауіпті эскалация» деп бағалап, жауап қайтару құқығы бар екенін ашық мәлімдеді. Ресми Абу-Даби елдің егемендігіне жасалған кез келген шабуылға заң аясында жауап беретінін ескертті.

Ал Иран мемлекеттік телеарнасы әскери дереккөзге сілтеме жасап, Тегеран тарапынан БАӘ-ге шабуыл жасау жоспары болмағанын хабарлады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады