Әскерге шақыруды «шешіп беремін» деп уәде берген дәрігер сотталды

05.05.2026, 12:52
540
Әскерге шақыруды «шешіп беремін» деп уәде берген дәрігер сотталды pixelshot

Дәрігер бірнеше пациенттен әскери қызметтен босату үшін 350 мың теңге алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында әскери қызметтен жалтаруға көмектесемін деп ақша бопсалаған дәрігер сотталды. Ол бірнеше азаматты «ақ билет» жасап беремін деп алдап, ірі көлемде қаражат алған.

Іс Целиноград аудандық сотында 2026 жылғы 14 сәуірде қаралды. Айыпталушы – 30 жастағы аудандық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Магжанов А.

Тергеу материалдарына сәйкес, дәрігердің әрекетінен үш жас жігіт зардап шеккен. Олар әскерге шақырылудан уақытша босатудың жолын іздеген.

Бірінші эпизод 2025 жылдың қазан айында болған. Қабылдауға келген пациент дәрігерге таныстары арасында әскерден босатылғысы келетіндер бар екенін айтқан. Осыдан кейін дәрігер оның телефон нөмірін алып, WhatsApp арқылы байланысқан. Ол 350 мың теңге берсе, мәселені «шешіп беремін» деп уәде еткен.

Жәбірленуші сеніп, бірнеше күн ішінде 50 мыңнан 150 мың теңгеге дейін бөліп аударған. Жалпы сомада дәрігер 550 мың теңге алған, алайда ешқандай құжат рәсімделмеген.

2025 жылдың желтоқсанында дәл осындай схема тағы екі адамға қолданылған. Дәрігер олардың біріне өзі жазып, «ақ билет» жасап беруді ұсынған. Жас жігіт келісіп, алдымен 175 мың, кейін тағы 175 мың теңге аударған. Кейін дәрігер медициналық комиссия «бағаны көтерді» деп, қосымша 10 мың теңге талап еткен. Бұл эпизод бойынша жалпы шығын 360 мың теңгені құраған.

Үшінші жәбірленуші – университеттің соңғы курс студенті. Ол оқу бітіргеннен кейін әскерден уақытша босатылғысы келген. Дәрігер одан да 350 мың теңге және қосымша 10 мың теңге талап еткен. Студент толық соманы аударған.

Осылайша үш эпизод бойынша жалпы шығын 1 270 000 теңгеге жеткен.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады. Үкім шығарылғанға дейін ол барлық жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеген. Жәбірленушілер талап-арыздан бас тартып, шағымдарының жоқ екенін мәлімдеген.

Сот оның бұрын сотталмағанын, кінәсін мойындағанын және ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін ескерді.

Магжанов ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша – қызметтік жағдайын пайдаланып, қайталанған алаяқтық үшін кінәлі деп танылды.

Сот оған 3 жыл 6 ай мерзімге пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, ол пробация есебіне тұруға, тұрғылықты жерін және жұмыс орнын рұқсатсыз өзгертпеуге, түнгі клубтар мен барларға бармауға, сондай-ақ түнгі 22:00–06:00 аралығында үйден шықпауға міндеттелді. Бір жыл мерзімге медициналық қызмет көрсету құқығынан да айырылды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады