Тәжікстан жоғары оқу орындарында Қазақстанмен бірлескен факультеттер ашылуы мүмкін

04.05.2023, 15:32
604
Тәжікстан жоғары оқу орындарында Қазақстанмен бірлескен факультеттер ашылуы мүмкін smartnews.kz

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның мемлекеттік сапары кезінде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын тәжік елінде ашудың келешегі талқыланды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Президенттердің бірлескен мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Біз мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Бұл сала біздің бауырлас халықтарды байланыстыратын маңызды сала болып есептеледі. Қазақстанда Тәжікстанның мәдени күндерін өткізу, өзге бірлескен кәсіпорындар құру туралы келісімге қол жеткіздік. Бұл да мемлекеттеріміздің арасындағы байланыстың тығыз екенін айғақтайды», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, екі тарап та білім беру саласындағы әріптестікті тереңдетуге мүдделі.

«Қазақстан Тәжікстаннан біздегі жоғары оқу орындарына келетін студенттерге арналған гранттардың санын арттырды. Қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашудың келешегі туралы мәселені егжей-тегжейлі талқыладық. Бәлкім Тәжікстан жоғары оқу орындарының базасында бірлескен факультеттер ашылатын шығар. Бұл шаралар екі ел жастарының әрі қарай да жақындасуына, халқымыздың арасындағы достық қатынастардың бекуіне жол ашатынына сенімдімін», - деді Қасмы-Жомарт Тоқаев.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген