SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада мешіттердің бірінде құны шамамен 1 миллион теңге болатын Moncler брендіне тиесілі күрте ұрланған, деп хабарлайды құқық қорғау органдары.
Полиция мәліметінше, күдікті «Anti-Fraud» жедел алдын алу шарасы кезінде ұсталған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам мешітке кіріп, дәлізде ілулі тұрған әйелдер киімдерінің арасынан қара түсті брендтік күртені жасырын түрде алып кеткен. Ұрлық еркін қолжетімділікті пайдалану арқылы жасалған.
Келтірілген материалдық шығын көлемі 1 миллион теңге деп бағаланып отыр.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны қолға түсірген. Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы — «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда жеке мүлкіне мұқият болуға шақырды. Сондай-ақ күмәнді әрекеттер байқалған жағдайда бірден «102» нөміріне хабарласуға кеңес берді.
RUS